Іштей тынатынмын, бірақ осы жолы бәрін айтуға бел будым - Диас Ахметшәріп

25 Маусым 2020, 20:54
67709
Бөлісу:
Іштей тынатынмын, бірақ осы жолы бәрін айтуға бел будым - Диас Ахметшәріп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бүгін ғана қызметінен кеткен Елжан Біртанов туралы пікір білдірді.

Осы постты дәл бүгін жазам деп ойламаппын. Бірақ бел будым. Негізі іштей тынатыным бар - жақсы, жаман - білмедім... Біртановтың отставкасын естідім. Жаңа басшыға шын жүректен тілектеспін. Айтайын дегенім, Елжан Амантайұлының бұл майдандағы орны туралы, - деп жазды Диас Ахметшәріп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол 6 ай қасында жүріп, Елжан Біртановтың шынайы маман, адамгершілігі мол, жүрегі таза, өте мәдениетті де білімді жан екенін байқағанын айтады.

Тәулігіне 4-5 сағат қана тынығып, жұмысқа берілген еді. Айтсаң - ішің ауырады - көптеген менің әріптестерім, ӨКІНІШКЕ ОРАЙ, хайп қуып, тырнақ астынан кір іздеп, сүрінген, шалынған кездерімізде - батыра түскені бар. Қазір де жазар комментарияға. Жазсын. Бірақ осы 6 айда Біртанов мырза қыруар еңбек етті. Рахмет Сізге, Елжан аға. Тездетіп емделіп шығыңыз! - деп тілектестік білдірді ол.

Сонымен қатар, Диас Ахметшәріптің өзі де коронавирус індетін жұқтырып алғанын айтты.

Қазір отырып - ал бәрекелді, жазайын ысқыртып дейтіндерге - вирус бізді де шет қалдырмады. Жолдасым екеуміз үйде ем қабылдаудамыз. Бір аптаға жақындады. ... Бірде былай, бірде былай. Емделіп шығармыз. Тек ата-анам үшін алаңдаймын. Үлкен кісілер, инфекционкада жатыр. Жағдайлары мәз емес... бірінші Алла, одан кейін ДӘРІГЕРЛЕР деп отырмыз! Ауырмаңыздар, ағайындар! - деп жазды Диас Ахметшәріп.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі ауысқан болатын. Біртановтың орнына Алексей Цой министр болып тағайындалды. Біртанов не себепті министр қызметінен бас тартқанын түсіндірді.
Өзгелердің жаңалығы