«Ирина Қайратовна» тобының сұхбатына қатысты Президент Әкімшілігі түсініктеме берді

21 Мамыр 2021, 10:04
5598
Бөлісу:
«Ирина Қайратовна» тобының сұхбатына қатысты Президент Әкімшілігі түсініктеме берді
VIDEO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ирина Кайратовна» тобының ресейлік журналист Юрий Дудьге берген сұхбатына қатысты түсініктеме берді.

Дәурен Абаев «Ашық диалог 2.0» бағдарламасының қонағы болды. Ол «Ирина Кайратовна» тобының қатысушыларын Қазақстанның патриоты деп санайды ма? деген сұраққа жауап берді.

- Сіз «Ирина Кайратовна» тобының сұхбатын көрдіңіз бе?

- Толық емес, жартылай көрдім.

- Бұл жігіттер өз елінің патриоттары деп ойлайсыз ба?

- Егер менің көрген және естігенім бойынша бағалайтын болсақ, онда иә.

- Олар билікті қатты сынға алды, сіз бұл туралы не ойлайсыз?

Бұл олардың құқығы. Олар біздің елде билікті сынаған алғашқы адамдар емес. Өркениетті әлем үшін қалыпты жағдай. Әрине, мен кейбір тұстарымен келіспеймін. Кейбіреулерімен ішінара келісемін. Жалпы, көптеген дұрыс нәрсе айтылды. Ең бастысы - жігіттердің ел тағдыры мен болашағына немқұрайлы қарамауы. Менің ойымша, бұл біздің жаңа мәдени толқынның жақсы белгісі.

Соңғы жылдары шығармашыл жастардың жаңа буыны өсіп, күшейе түсті. Бұл әншілер, әртістер, вайнерлер ғана емес, сонымен қатар жаңа жас суретшілердің, актерлердің, театр және кино режиссерлерінің, фотографтардың жаңа буыны. Олардың көпшілігі қазақ тілін дәріптеуге зор үлес қосуда. Олар оны сәнді және жастар арасында танымал етеді.

Әрине, шығармашылықтан басқа, олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын да айтады. Кейбір тұста ойын жеткізуде өте қатты кетуі мүмкін. Менің ойымша, бұл да қалыпты жағдай. Тағы бір жағынан алып қарайтын болсақ, уақыт барлығын өз орнына қоятынына мен толық сенімдімін. Не дегенмен, көп нәрсе сырттай жақсы байқалады.



 

Өзгелердің жаңалығы