Иордания астанасында Абай көшесі ашылды

31 Желтоқсан 2020, 14:48
1424
Бөлісу:
Иордания астанасында Абай көшесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иордания астанасы Амман қаласында Абай атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов өз сөзінде Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне 175 жылдығы қарсаңында қазақтың көрнекті ақыны мен ойшылының есімін беру екі ел арасындағы қарым-қатынастың және бауырлас қалалар – Нұр-Сұлтан мен Амман арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің тағы бір дәлелі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Амман қаласы муниципалитетінің қамқоршылар кеңесінің мүшесі Исмаил әл-Бустанджи бұл іс-шара бауырлас қазақ халқының мәдениетінің жарқын өкілі болып табылатын классиктің жоғары шеберлігіне деген құрмет екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы