Дәленов инфляцияның өсуіне азық-түлік тауарлары ең көп әсер еткенін айтты

20 Тамыз 2019, 09:41
3792
Бөлісу:
Дәленов инфляцияның өсуіне азық-түлік тауарлары ең көп әсер еткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы баяндады.  

«Жыл басынан бері инфляция 4-6% дәліз шегінде сақталуда. Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде қалыптасты, ал 2018 жылдың шілдесінде ол 5,9% құраған. Инфляцияның өсуіне ең көп әсер еткен азық-түлік тауарлары. Олардың инфляция өсіміне қосқан салымы 3,4% тармақты құрады. Осы тауарлар бағалар өсуінің шамамен 63%-ын құрады», - деді Дәленов.

Министр азық-түлік бағалары өсуінің жартысы әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарына тиесілі екенін, олардың бағасы 9% көтерілгенін айтты.

«Жыл басынан бері олардың азық-түлік бағаларының өсуіне қосқан салымы 1,1% тармақты құрады. Бұл инфляция өсуінің – 40%. Барлық өңірлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы инфляциядан озады. Осы тауарларға бағаның өсуі 7,2%-дан 15,1%-ға дейін өзгереді. Ең жоғары өсу Нұр-Сұлтан (15,1%), Жезқазған (11,8%) және Талдықорған (10,4%) қалаларында байқалады. Жалпы, республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының арасында келесі өнімдерге бағалардың ең көп өсуі байқалады: пияз – 79,0%; сәбіз – 59,3%; картоп – 32,9%; күріш – 23,8%;  бірінші сұрыпты ұн – 15,3%», - деді ведомство басшысы.

Дәленов тауарлар бағаларының қалыптасуына жүргізілгенін талдау нәтижесінде түпкілікті тұтынушы үшін баға өндірушілердің немесе импорттық бағалардан едәуір жоғары екені анықталғанын атап өтті. Мысалы, сәбізді өндірушінің бағасы 67 теңге болса, нарықтағы сату бағасы – 151 теңгені, ал үстеме баға 84 теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы