Түркістан қаласында індет жұқтырған адам 10 сәуірде Жетісайда болған

17 Сәуір 2020, 11:06
2303
Бөлісу:
Түркістан қаласында індет жұқтырған адам 10 сәуірде Жетісайда болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында 1990 жылғы азаматтың COVID-19 инфекциясын жұқтыру жайты расталды. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қала тұрғыны жұмыс бабымен 10 сәуір күні Жетісай қаласына барып, 11 сәуір күні таңертең Түркістанға қайта оралған. Жанында тек жүргізуші болған. Қалаға кіреберісте екеуінің де денсаулық көрсеткіштері нормаға сай болып, тіркеуге алынған. Сенбі, жексенбі күндері өз үйінде болған. Дүйсенбі дене қызуы  көтеріліп, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Науқастан ертеректе алынған анализ бүгінде коронавирус індетін жұқтырғанын растады. Науқас Кентау қалалық ауруханасында оқшауланып, тиісті ем алуда. Денсаулық көрсеткіштері бірқалыпты - делінген хабарламада.

Бірге тұратын екі тұрғыннан, жүргізушіден анализ алынып, олар да оқшауланды. Бұл кісілер байланыста болған басқа азаматтар анықталып, тексеру жұмыстары атқарылуда.

Тұрғын үй аумағы және байланыста болған адамдар болған жерлерде күшейтілген залалсыздандыру жұмыстары атқарылып, оқшауланды.

Өзгелердің жаңалығы