Бас жаңалықтар
Imanbek көше мен мектепке өз атын беруге қатысты пікір білдірді
27 Наурыз 2021, 17:19 283

Imanbek көше мен мектепке өз атын беруге қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық орындаушы SAINt JHN-дің «Roses» әнінің ремиксі үшін «Грэмми» алған Қазақстанның танымал музыканты Иманбек Зейкенов (Imanbek) өзінің құрметіне көше мен мектептің атауын беруге қатысты пікірін айтты, деп хабарлады Zakon.kz.

Олар менің атымды көше немесе мектепке беру туралы айтса да,  мен бұған мүмкіндігінше қарсы боламын. Бұл менің атыммен көшені атайтындай  керемет жетістік емес. Менің ойымша, бұл ақшаны ысырап ету. Иә, менің атымды мектепке беретіндей мен кіммін? Мен ғалым емеспін. Осы туралы (Иманбектің құрметіне көше атауы) пікір жазатын адамдар бар, бұл ақымақтық,  бұл жеке басты қорлауға дейін өтіп кетеді. Бұл менің бастамам емес. Кейбіреулер «ол талантсыз, қойып несі бар?» дейтіндер де бар.  Бұл мәдениетсіздік және өте дөрекі. Жалпы мен де сіздер сияқты көшелер мен мектептердің атауын өз абыройыма өзгертуге қарсымын. Бұл- ақымақтық, - деді Иманбек Instagram-да тікелей эфир кезінде оқырмандардың жазған сұрағына жауабында.

Айта кетейік, қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясымен "Грэмми" (Grammy) жүлдесін жеңіп алды."Грэмми" басты музыкалық жүлдесінің 63-шарасы онлайн өтті. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек жеңімпаз болды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...