Бас жаңалықтар
ІІМ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін жария талқылауға шақырады
23 Тамыз 2019, 00:55 197

ІІМ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін жария талқылауға шақырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру бойынша Жол картасын жасақтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол қозғалысының ауіпсіздігіне арналған жол картасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жасалды.

Жоба шеңберінде:

- елді мекендерден тыс жерлерде көлік құралдары қозғалысының орташа жылдамдығын арттырғаны үшін жауапкершілік;                                                                                                                                                                  - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген, Қазақстан Республикасына он күннен астам мерзімге уақытша әкелінетін көлік құралдарын уақытша тіркеу;                                                                       - көшелер мен автомобиль жолдарын жол қоршауларымен, мал өткелдерімен, авариялық-шақыру байланыс құрылғыларымен міндетті түрде жайластыру жөніндегі талаптар;                                                                              - мопедтерді, мокиктерді, скутерлерді және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдарын, сондай-ақ оларды басқаратын адамдарды жол қозғалысына қатысуға жіберу рәсімдері;                                        - көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау;                                                             - техникалық байқау орталықтарының қызметін лицензиялауды пысықтау бойынша ұсыныстар енгізу қарастырылған.

Сондай-ақ Жол картасының жобасында жол қауіпсіздігін нығайту бойынша басқа да ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар қарастырылған.

Бүгінде жоба ІІМ веб-порталында  жария талқылау үшін орналастырылған. Осыған байланысты, ведомство азаматтарды жол картасы жобасын жария талқылауға белсенді қатысуға шақырады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық