ІІМ WhatsApp мессенджерін не үшін іске қосқаны белгілі болды

25 Қыркүйек 2019, 11:50
2706
Бөлісу:
ІІМ WhatsApp мессенджерін не үшін іске қосқаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді аталмыш қосымшаның көмегімен әрбір тұрғын ең ауыр әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылатын есірткі қылмысының алдын алуға және оған қарсы күреске өз үлесін қоса алады. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«WhatsApp мессенджерінің көмегімен азаматтар есірткіге қатысты құқықбұзушылық, есірткінің таралуы, есірткі құралдары туралы граффити жазу және бетбелгілерді орналастыру фактілері туралы фото және бейнежазба түрінде мәліметтерді 87777856651 нөміріне жібере алады. Бұл нөмірге түскен ақпараттардың барлығы Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттің кезекші бөліміне түсетін болады, сол бойынша жедел шаралар қабылданады», - делінген ІІМ хабарламасында.    

Мысалы, граффити жазулар (геолокация) салынған жердің фотосуретін, белгілі бір мақсатсыз аулада, үйлердің кіреберістерінде жүрген күдікті адамның бейнелерін, жеңіл ақша табу және тағы сол сияқты күмәнді ұсыныстар жазылған хат алмасулардың скриншоттарын жіберуге болады.  

«Кері байланысты қамтамасыз ету үшін шағымға анкеталық деректерді, байланыс телефондарын және нақты мекенжайды көрсетіп, мүмкіндігінше фото/Бейне тіркеуін сұраймыз», - деп атап өтті ІІМ.

Бұл WhatsApp нөмірі YOU TUBE-те нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу саласында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, денсаулыққа құндылық қарым-қатынасты қалыптастыру және нашақорлық проблемасына назар аудару мақсатында құрылған «Есірткіге ­­– жоқ!» арнасында көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы