ІІМ: Бір күнде 46 адамнан 20 884 қорап дәрі-дәрмек тәркіленді

7 Шілде 2020, 17:35
2020
Бөлісу:
ІІМ: Бір күнде 46 адамнан 20 884 қорап дәрі-дәрмек тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди карантиндік шараларды күшейту кезеңінде қабылданатын шаралар туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтып берді.

6 шілдеде елордалық полиция қызметкерлері "Тойота" автокөлігінің жүк салғышынан 689 медициналық препарат қорабын тәркіледі. Ұйымдастырушы 1 млн теңгеге сатпақ болған. Шымкент қаласында жеке үйде заңсыз дәрі-дәрмек сатқан. Медикаменттерді сақтауға арналмаған орыннан 10 459 дәрі-дәрмек қорабы табылған. Онда дәрілердің 200 түрі табылды. Дәрі-дәрмек антисанитариялық жағдайда сақталған, - деді ол. 

Калайчиди Түркістан облысының Жетісай ауданында бір адамға 400 мың теңгеге 336 дәрі қорабын сатпақ болғанын айтты. 

Бір қораптың бағасы 1500 теңге, оны 1800-ден сатпақ болған. Оны Жетісайдағы дәріханалардың фармацевті сатып алмақ болған. Атырауда дәрі-дәрмекті косметологиялық клиника қымбатқа сатпақ болған. Полиция қызметкері жедел шаралар кезінде заңсыз бизнесті әшкереледі. Оны клиниканың басшысы ұйымдастырған. Препараттар өз бағасынан бірнеше есе қымбатқа сатылмақ болған. Мәселен, "парацетамол" 1000 теңгеге сатылмақ болған. Клиникадан 5 мың дәрінің қорабы тәркіленді, - деді ол. 

Сондай-ақ, қандай облыстарда осы сынды фактілер тіркелгенін айтты. 

Нұр-Сұлтан, Алматы, ШҚО, Павлодар, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Павлодар облыстарында тіркелді. Тек қана 6 шілде күні полицияға 46 адам жеткізіліп, олардан 20 884 дәрі-дәрмек қорабы тәркіленді. Сондай-ақ, 34 986 қорғаныш маскасы мен 500 қорғаныш заттары тәркіленді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы