Бас жаңалықтар
Халықтың 41%-ы ауылда тұрады
16 Қаңтар 2021, 11:01 241

Халықтың 41%-ы ауылда тұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы демографиялық ахуал туралы мәліметтерді жариялады. 

Ұлттық статистика мәліметі бойынша, 2020 жылғы 1 желтоқсанға еліміздегі халық саны 18852,8 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11129,2 мың (59,0%), ауылдықтар – 7723,6 мың адамды (41,0%) құрады.

2019 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 241,7 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (62,7 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,1 мың адам) және Шымкент (36,4 мың адам) қалаларында қалыптасты.



Фото: дереккөз
Загрузка...