Бас жаңалықтар
Хабиб Нурмагомедов Макгрегордың жеңілісіне қатысты пікір білдірді
24 Қаңтар 2021, 14:25 1041

Хабиб Нурмагомедов Макгрегордың жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC-дің чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор Макгрегордың американдық Дастин Порьеден жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы lenta.ru жазды. 

32 жастағы Хабиб Нурмагомедов Twitter-дегі парақшасында Абу-Дабидегі абсолютті күрес чемпионаты (UFC) турнирінің басты жекпе-жегі аяқталғаннан кейін былай деп жазды.

Міне, сені чемпион етіп тәрбиелеген топтан кетіп, спаринг-серіктестеріңнен алшақтағанда осындай болады, - деп жазды ол.

Айта кетейік, Макгрегор UFC 257 турнирінде Порьеден накаутпен жеңіліп қалды. Жекпе-жек екінші раундта аяқталды.

Макгрегор өз карьерасында алғаш рет нокаутпен ұтылды. Осымен ол бес рет жеңіліс тапты. Атап айтқанда, 2018 жылдың күзінде ол жеңіл салмақтағы UFC чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекте Нурмагомедовтан жеңіліп қалды.

Макгрегор екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы атанды. Ирландиялықтың есебінде 22 жеңіс және бес жеңіліс бар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...