Қазақстанға келген гуманитарлық көмек өңірлерге қалай бөлінеді?

21 Мамыр 2020, 16:12
3200
Бөлісу:
Қазақстанға келген гуманитарлық көмек өңірлерге қалай бөлінеді?
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп бүгін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында айтты.

Басқарма төрағасы әлемдік пандемия салдарынан созылмалы ауруларға қарсы қолданылатын шетелдік тапшы препараттарды елге жеткізуде кедергі барын жасырмады.

Әлемдік пандемия салдарынан бұрын кедергісіз жүретін логистика жүйесі бұзылды. Бірқатар елдердің шекарасы жабық. Оның үстіне медикаменттерді әкелу жағынан да қандай да бір кедергілер бар. Кейбір зауыт жұмысын тоқтатқан. Қазіргі таңда әлем елдеріндегі пандемия жағдайына байланысты біз елге жеткізе алмай отырған 20 шақты препарат түрі бар, - деді ол. 

Берік Шәріп сұхбат барысында шетелден елімізге келіп жатқан гуманитарлық көмектің әр өңірге қалай бөлінетінін айтты. 

Ең алдымен төтенше жағдайға байланысты құрылған мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, "СҚ-Фармация" шетелден елімізге келіп жатқан гуманитарлық көмекті қабылдап алып, таратушы ретінде жауапты компания болып бекітілген болатын. Кез келген гуманитарлық көмекті тарату мәселесін біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен ретке келтіреміз. Сондай-ақ, қандай да бір өңірдегі науқастар саны да назарға алынады, - деді ол.  

Оның айтуынша, гуманитарлық көмек АҚШ, БАӘ, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Түркия, Ресей және т.б. елдерден келген.

Келіп жатқан көмек көлемі әр елден әрқалай. Кейбір мемлекеттен жеке қорғаныш заттары келсе, енді бірі дәрілік препараттар жіберіп жатты. 47 мың қорғаныш киімі, жарты миллиондай маска, төртқабатты маскалар, COVID-19-ды анықтауға арналған 80 мыңдай тест жүйесі, түрлі дәрілік препараттар және тағы осы сияқты келген заттар спектрі өте кең, - деді ол.

Бұған дейін елімізге дәрілердің көбінесе қай жақтан әкелінетіні белгілі болды.
Өзгелердің жаңалығы