Грантқа түсе алмағандарға қосымша грант бөлінеді

1 Тамыз 2019, 16:43
7028
Бөлісу:
Грантқа түсе алмағандарға қосымша грант бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген гранттар көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына беріледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен қосымша 5000 грант бөлінді. Олар 5-15 тамыз аралығында жергілікті атқару органдарының қатысуымен тағайындалады», - деді білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова брифинг барысында.

Бұдан бөлек білім гранттарының ішінде игерілмеген гранттар бар. 3000-ға жуық грант енді грантқа түсе алмағандардың арасында компьютер арқылы бөлінеді. Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктер де өз бюджетіне қарай қосымша грант бөледі.

«Жыл сайын жергілікті атқару органдары тарапынан қолдау көрсетіліп, грант бөлінеді. Былтыр 3000 грант бөлінді. Биыл сонша немесе одан да көп болуы мүмкін. Бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты. Бұған дейін атап өткенімдей, мемлекет тарапынан жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейтуге жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Айта кетейік, биыл «Алтын белгісі» бар 1200-ден астам бала грантқа түсе алмады.

Өзгелердің жаңалығы