Германияда маман тапшылығы мәселесі күрделеніп барады

30 Қазан 2019, 04:50
2864
Бөлісу:
Германияда маман тапшылығы мәселесі күрделеніп барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда кадр тапшылығы өткір сезіле бастады. Қажет мамандар тізімінде дәрігерлер, инженерлер мен ІТ мамандары тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Сарапшылардың сөзіне сенсек, 2030 жылға қарай мемлекеттік мекемелердің өзіне ІТ саласында жұмыс істейтін 730 мың маман қажет болады. Бұдан бөлек, Германияға электриктер мен қарт кісілерге күтім жасайтын жандар және жүк көлігі жүргізушілері де керек екен. Ал 2027 жылға қарай жүк көлігі жүргізушілеріне деген қажеттілік 185 мың адамға артады деген болжам бар.

Осы ретте Бертельсман қоры мамандары кадр тапшылығы мәселесін түбегейлі шешуге сырттан келетін мамандар көмектесе алатынын айтады. Олардың есебі бойынша 2060 жылға дейін аталған мәселені шешу үшін жыл сайын Германияға 260 мың маман тартылуы керек.  
"Кадрлар тапшылығы жергілікті халықтың қартаюынан туындап отыр. Тағы бір себеп – жастардың жоғары білім алу мақсатымен университеттерге оқуға түсуінде. Сондықтан кей салада мамандар санының көптігі байқалады. Жалпы кәсіпорындар тиімді жұмыс істеуі үшін онда жоғары білікті мамандармен қатар, мамандандырылған техникалық училищені бітірген жұмысшылар да қажет. Мәселен, Бранденбург аймағына қазіргі таңда логистика саласының мамандары жетіспейді. Трамвай, автобус, жүк көлігі жүргізушілері аса қажет. Бұдан бөлек Германияда цифрлық технологияның дамуына байланысты ІТ мамандарына сұраныс жоғары болып тұр", - деді Потсдам қаласының сауда-өнеркәсіптік палатасы директоры Вольфганг Шписс.



Өзгелердің жаңалығы