Газдалған сусын VS Коктейль: Қай сусын жүрекке қауіп төндіреді?

24 Наурыз 2021, 19:41
2550
Бөлісу:
Газдалған сусын VS Коктейль: Қай сусын жүрекке қауіп төндіреді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар жүрек талмасы қаупін жоғарылататын сусындарды атады.

АҚШ-тың ауруларды алдын алу және бақылау орталығы (CDC) деректеріне сүйенсек, жүрек талмасының 20%-ы симптомсыз өтеді екен. Алайда бұндай жүрек талмасы адамға қауіп төндіріп, қауіпті асқынуларды туындатады. Себебі науқас адам өз жағдайынан бейхабар болғандықтан медициналық көмекке жүгінбей жүре береді.

Бұл ретте дұрыс диетаның маңызы зор. Өйткені ол жүрек саулығын қамтамасыз етеді. Диета ұстаған кезде азық-түлікке ғана емес ішетін сусындарға да назар аудару керек. Осы орайда ғалымдар тамақ рационынан газдалған сусынды алып тастау қажет деп санайды. Harvard Helth Publishing хабарлауынша, аталған сусынның құрамындағы қанттың тым көп мөлшері жүрек қызметіне өте қауіпті. 

Сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін сусындар қатарына алкоголь де енді. Соңғы кезде жүрек пен қантамырларға алкогольдің тигізетін әсері туралы көптеген зерттеу жүргізілуде. Ғалымдардың сөзінше, ерлерден қарағанда әйелдердің ағзасы спирттік ішімдік ішуден көп зардап шегеді.

Зерттеулер кезінде энергетиктердің қаупі де расталды. Олар қан қысымын бірден көтеріп жіберіп, жүрек соғысының бұзылуына септесетін көрінеді. Сусынның жағымсыз салдары аз уақыт ішінде көп энергетик ішкен кезде немесе оны басқа заттармен (мәселен алкогольмен) бірге ішкен кезде білінуі мүмкін.  

Ғалымдардың сөзінше, көпшілік сүйіп ішетін сүтті коктейльдер де біз ойлағандай пайдалы емес екен. Себебі олардың құрамында көп мөлшердегі қанттан бөлек, адам ағзасына пайдасы аз майлар да болады.

Мамандар кофені ішуге болады дейді. Дегенмен норманы сақтау қажет. Күніне бір кесе қара кофенің жүрек-қантамыр жүйесіне тигізетін пайдасы зор. Алайда күніне 6 және одан көп кофе тұтыну денсаулыққа кері әсерін тигізбей қоймайды.

Өзгелердің жаңалығы