Француздар бір аптадан бері наразылыққа шығуда

15 Қыркүйек 2021, 03:13
1975
Бөлісу:
Француздар бір аптадан бері наразылыққа шығуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының жанында дәрігерлердің міндетті вакцинациясына қарсы наразылықтар өтіп жатыр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Наразылық білдірушілер ауруханалардың жабылуына және аурухана төсектерінің қысқаруына наразы. Француздар бір аптадан бері наразылық білдіруде. Бұған дейін азаматтар вакцинация паспорттарына қарсы шығу үшін көшеге шыққан болатын.

Черногорияда елге кіру ережелері күшейтілді. 14 қыркүйектен бастап елге толық вакцинациядан кейін екі аптадан кейін немесе 72 сағаттан ерте емес ПТР-тест болған кезде кіре аласыз. Елге кіру үшін антигендерге арналған тест 48 сағаттан ерте жасалмауы керек.


Өзгелердің жаңалығы