«Эйр Астана» Ыстамбұлға ұшатын бірнеше рейсті тоқтатады

1 Сәуір 2019, 11:45
2964
Бөлісу:
«Эйр Астана» Ыстамбұлға ұшатын бірнеше рейсті тоқтатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Эйр Астана» Ыстамбұлға ұшатын барлық рейсті Ыстамбұлдағы жаңа әуежайына көшіреді. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ататүрік атындағы әуежайдың жабылуына және жаңа әуежайға көшіруіне байланысты «Эйр Астана» 2019 жылғы 5-ші және 6-ші cәуірде келесі рейстерді орындамайды:

5 сәуіде - КС869/870 Атырау-Ыстамбұл-Атырау және КС 911/912 Алматы-Ыстамбұл-Алматы;

6 сәуірде - КС 911/912 Алматы- Ыстамбұл -Алматы және КС 917/918 Астана- Ыстамбұл -Астана.

Бұл күнгі рейстерге билет сату бір ай бұрын тоқтатылған.

Естеріңізге саламыз, Ыстамбұлдан ұшатын рейстерге тіркеу кесте бойынша ұшуға 1 cағат бұрын аяқталады. Әуекомпания тіркеуден және қауіпсіздік тексерісінен өту үшін әуежайға алдын ала келулерін сұрайды.

Қазіргі таңда «Эйр Астана» Ыстамбұлға Алматыдан күн сайын, Астанадан аптасына 5 рет, Атыраудан 2 рет қатынайды.

Ыстамбұлдың жаңа әуежайы қаланың еуропалық бөлігінің солтүстігінде 35 шақырымдық қашықтықта орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы