Бас жаңалықтар
Еуропада 92 млн адам кедейлікте өмір сүріп жатыр
31 Қаңтар 2021, 08:43 607

Еуропада 92 млн адам кедейлікте өмір сүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәрі құрлықта 92 миллион адам кедейлікте өмір сүріп жатыр. Бұл туралы БҰҰ-ның осы мәселе бойынша арнайы баяндамашысы Оливье де Шуттер мәлімдеді.

Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, пандемия жағдайды нашарлата түскен. Салдарынан биылғы күзде Еуропада қайыршылық шарықтау шегіне жетеді. Жоқшылық қазірдің өзінде Еуроодақ халқының 20%-іне кері әсер еткен. Аймақта жалақының азаюынан 20 миллиондай азамат қиындыққа тап болған.

Еурокомиссия Одақ елдеріне әлеуметтік жағдайға көп көңіл бөлу керектігін ескертті. Ал жоқшылықпен күресу үшін атқарылып жатқан шаралар жеткіліксіз. Мысалы, салық, жалақы мәселесі әрдайым жетілдіріліп отыруы тиіс. Айтпағымыз әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлінуі қажет, - деді БҰҰ-ның кедейлік мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Оливье Де Шуттер.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...