ЕУРО-2022: Футзалдан Қазақтан құрамасы ойыншыларының тізмі жарияланды

5 Қаңтар 2022, 10:53
1000
Бөлісу:
ЕУРО-2022: Футзалдан Қазақтан құрамасы ойыншыларының тізмі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда алдағы турнирге дайындықты бастады, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рикардо Кака бастаған жаттықтырушылар штабы 2022 жылғы Еуропа Чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Оқу-жаттығу жиынынан соң нақты тізімге 14 ойыншы енеді. 

Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Словения, Финляндия және Италиямен сынға түседі. 

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де - «Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Эль-Посо», Испания), Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (барлығы - «Қайрат»), Арнольд Кнауб («Динамо Самара», Ресей), Лео («Норильский никель», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Азат Валиуллин («Аят»), Жомарт Тоқаев, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де - «Атырау»);

Өзгелердің жаңалығы