Этникалық қазақ Ресейде бас ревизор болды

27 Қаңтар 2020, 09:17
1990
Бөлісу:
Этникалық қазақ Ресейде бас ревизор болды
 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясындағы Омбы облысының бас ревизоры ауысты. Аталған қызметке Талғат Шұғылбаев сайланды.

Бұл туралы "Омбыдағы қазақтар" қауымдастығы хабарлады. 

Ол облыстық мәслихат депутаттарының жиналысында көпшілік дауыспен жеңіске жетті. 35 жастағы Шұғылбаев есептік-бақылау палатасына төрағалық етеді.  Бұған дейін Омбы облысының қаржылық бақылау басқармасының бастығы болған. Шұғылбаевты 40 депутаттың 32-сі қолдады. Ал 7 адам қарсы шықса, бір бюллетень жарамсыз деп танылды, - делінген хабарламада.
Жаңа төраға 5 жылдық өкілеттік мерзімін 6 ақпанда бастайды.
Өзгелердің жаңалығы