Бас жаңалықтар
Есілге аққан қызды құтқарып, өзі ажал құшты
10 Мамыр 2019, 15:48 842

Есілге аққан қызды құтқарып, өзі ажал құшты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есілге суға батып кеткен 12 жасар қызды құтқарып қалған жігіт өзі суға кетіп қаза болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық  төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«10 мамыр күні сағат 12-10-да Есіл өзенінің «Газмашаппаратура» саяжай аумағында «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары итінің соңынан суға секіріп, батып кете жаздаған 2007 жылы дүниеге келген қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өзен сағасында балық аулап отырған жігіттің арқасында қыз аман қалды. Өкінішке қарай, қызды құтқарған 1981 жылы дүниеге келген азамат ағысқа төтеп бере алмай, суға батып кетті. Оның денесін толқын жағаға жақындатып, куәгерлер жағалауға алып шықты. Оқиға орнында жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық