Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысады

29 Шілде 2019, 17:15
1642
Бөлісу:
Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық жас әнші Ержан Максим 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтетін «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

«Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағындағы мүшелігінің нәтижесінде, Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын айта кету керек. Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды. Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді», - деді Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында. 

Еске сала кетсек, Ержан Максим биыл ресейлік «Голос. Дети» жобасының жеңімпазы атанған болатын.
Өзгелердің жаңалығы