Ертең "Түркістан-Шымкент" бағытында пойыз жолға шығады

3 Қаңтар 2019, 12:34
2192
Бөлісу:
Ертең "Түркістан-Шымкент" бағытында пойыз жолға шығады

Астана, baq.kz. Аталған бағдардағы пойыз аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері жүретін болады. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.


2018 жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды және әкімшілік орталығы Түркістан қаласы болып табылатын Түркістан облысы құрылды.

Жаңа әкімшілік орталықтарына жолаушыларды жеткізуді қамтамасыз ету үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ дүйсенбі және жұма күндері аптасына екі рет қатынайтын «Түркістан-Шымкент» бағытын іске қосады. Жол жүру уақыты - 2 сағат 15 минут.

Пойыздаға жалпы орын саны 175. Құрам қазіргі заманғы жылыту және кондиционерлеу жүйесімен, арбадағы мүгедектерге арналған көтергіш құрылғылар және орындармен жабдықталған.

2019 жылғы 4 қаңтарда сағат 15.30-да Түркістан вокзалының аумағында «Түркістан-Шымкент» жаңа бағытын іске қосу рәсімі өтеді. Шараға қала әкімдігі мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы