Ерлан Сүлейменов ҰПК бас хатшысы болып сайланды

28 Қараша 2019, 10:58
2764
Бөлісу:
Ерлан Сүлейменов ҰПК бас хатшысы болып сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұған дейін Ерлан Сүлейменов ҰПК атқарушы директоры қызметін атқарды.

Қайрат Боранбаев ҰПК атқарушы комитетінің мүшелерін тағайындау туралы кандидатураларды ұсынды. 

Ерлан Сүлейменов ҰПК атқарушы директоры қызметін атқарып жүріп, еліміздің паралимпиадалық қозғалысына оң ықпал етті. Ерлан Сүлейменов халықаралық ұйымдар тарапынан "жақсы менеджер" деген баға алып жүр. Халықаралық Паралимпиадалық комитет Ерлан Мұратұлын жақсы таниды. Өзі мүмкіндігі шектеулі жан болғандықтан бұл саланың маңызды тұстарын біледі, - деді Қайрат Боранбаев.

Сонымен катар, ҰПК вице-президенттері ретінде Берік Имашев және Диас Сүлейменов сайланды. Кандидатураларды дауыс берушілерді бірауыздан қолдады. 
Жаңа мүшелер 4 жыл кезеңге сайланады.

Айта кетсек, қазір елордада ҰПК 2015 жылдан бері жұмысын қорытындылауға арналған конференция өтіп жатыр. ҰПК атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов ҰПК құрылуы мен мақсатына қысқаша тоқталып өтті. Оның айтуынша, паралимпиадашыларға халықаралық оқу-жаттығулар оң ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы