Бас жаңалықтар
Ерлан Қарин: Қоғамдық диологты дамыту – президент саясатындағы басты бағыттардың бірі
13 Маусым 2019, 16:12 207

Ерлан Қарин: Қоғамдық диологты дамыту – президент саясатындағы басты бағыттардың бірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлыққа қол қойды. Президент кеңесшісі Ерлан Қарин мұндай кеңес құрудың маңыздылығы туралы телеграмм каналында жазды.

Айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай кеңес құру туралы алғаш рет мамыр айының басында айтқан.

«Президенттің ең бірінші шешімдерінің бірі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлыққа қол қою болды. Президент мұндай диалогтық алаң құру идеясы туралы алғаш рет мамыр айының басында өзінің сенімді тұлғаларымен кездесуінде айтқан және бұл оның сайлау алды бағдарламасындағы басым бастамалардың бірі болатын», - деп жазды Қарин.

Сонымен қатар, президент кеңесшісі қоғаммен диалог құру – Қасым-Жомарт Тоқаев саясатындағы басты бағдары екенін атап өтті.

«Президент қызметіне кіріскен соң бірден Ұлттық кеңес құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл – оның бірінші шешімі және ұлықтаудан кейінгі бірінші жарлығы. Осылайша президент өз саясатындағы басты бағдар ретінде диалог құруды белгіледі. Мұнымен бірге, президент Ұлттық кеңесті құруда азаматтық қоғам өкілдерінің ойын ескеруді маңызды деп есептейді. Сондықтан Жарлықта Президент әкімшілігіне бір ай ішінде саяси партия, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен Кеңес құрамын және оның жұмыс форматын құру мәселесі бойынша кеңес өткізу туралы айрықша атап өтті», - деп жазды президент кеңесшісі.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық