Ердоған өрттен кейінгі қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты

7 Тамыз 2021, 12:16
3090
Бөлісу:
Ердоған өрттен кейінгі қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің оңтүстігінде 12 орман өртін сөндіру жалғасуда. Олардың ішіне Анталья мен Мугла курорттық провинцияларындағы тоғыз өрт кіреді.Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жойқын өрттен аумақтарды қалпына келтіру үшін Түркияның әр тұрғынына үш көшеттен отырғызуға уәде берді. 

Бұл туралы haberler түрік жаңалықтар порталы хабарлады.

Біз еліміздің әрбір тұрғынына үш көшет отырғызамыз. Барлығы 252 миллион көшет отырғызылады, - деді Ердоған.
Сондай-ақ ол өртенген учаскелерде құрылысқа рұқсат бермейтінін атап өтті.

Биліктің мәліметінше, шілденің аяғынан бастап Түркияның 44 провинциясында болған 208 өрттің 196 ошағы оқшауланды. Республикадағы денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Коджа апаттан қаза тапқандардың саны сегіз адамға, зардап шеккендердің саны 864 адамға дейін өскенін айтты.

Сонымен қатар Түркияда алты адам орманды өртеді деген күдікпен қамауға алынды. Тағы бірнеше адам машинадан темекі тұқылдарын тастағаны үшін Бодрумда ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы