Бас жаңалықтар
Эпиджағдай нашар. Милан мен Турин қайтадан жабылады
28 Ақпан 2021, 17:44 369

Эпиджағдай нашар. Милан мен Турин қайтадан жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел билігі коронавирустың жаңа штамдарына байланысты жағдайлардың көбеюінің жеделдеуін тіркеуде. 

Италияның Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанса COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты қолданыстағы карантиндік шектеулерді қатайтатын қаулыға қол қойды. Бұл туралы сенбі, 27 ақпанда Ansa агенттігі хабарлады.

Құжатта Ломбардия мен Пьемонтта, атап айтқанда, елдің солтүстігінде орналасқан Милан және Турин қалаларында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту туралы айтылған. Екі аймақ, дүйсенбі 1 наурыздан бастап, қауіпті аймақтарды жіктеуде «қызғылт сары» деп белгіленеді. Дәл осы санатқа елдің орталық бөлігінде орналасқан және Адриатика теңізіне шығатын Марке аймағы кіреді. Сонымен қатар Молизе және Базиликата өңірлері (тиісінше елдің орталығы мен оңтүстігі) «қызыл» аймақтар ретінде белгіленетін болады.

Шектеу шараларына барлар мен мейрамханаларды жабу және қалалар арасындағы адамдардың қозғалысын шектеу кіреді.

Соңғы мәліметтер бойынша, соңғы тәулікте Италияда 18 916 адам коронавирус жұқтырған. 280 адам қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері Италияда 2,8 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 97 мың адам қайтыс болды.


Фото: дереккөз
Загрузка...