Енді вице-министрлер "Болашақпен" оқи алмайды

15 Шілде 2019, 14:05
7781
Бөлісу:
Енді вице-министрлер "Болашақпен" оқи алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігіне «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың талаптарына өзгеріс енгізуді тапсырды.

«Президент әкімшілігі бағдарламаға қатысу талаптарына өзгерістер енгізу керек. Саяси қызметшілер өз білімдерін шыңдауға құқылы. Бірақ бос уақытында, мемлекет ақшасының есебінен тыс оқу керек», - деді мемлекет басшысы. 

Президент БҒМ мен Ұлттық экономика министрлігіндегі жағдайларды атап өтті. Аталған ведомстволарда саяси қызметшілер «Болашақпен» оқу үшін аяқ астынан лауазымдарынан кеткен» болатын.

«45 жастан кейін «Болашақпен» оқу – қандай оқу? Бұл бір ғана мысал емес, бұдан да төмен мекемелерде осындай жағдайлар кездеседі. Қызметшілер бастықтарына келіп «Болашақ» бағдарламасымен өттім, мені оқуға жіберіңіз» дейді. Министрдің жаңа орынбасары бір жылға – оқуға кеткендер («Болашақпен» оқуға түскендер – автор) келгенге дейінгі уақытқа тағайындалады. Не деген сандырақ, мемлекеттік қызмет емес – бұл! Сабақтастық, қызметкерлердің институционалдық жады қайды?» - деді президент.
Өзгелердің жаңалығы