Ем қабылдап жатқан науқастардың дене қызуы түсе бастады – денсаулық басқармасы

20 Наурыз 2020, 13:45
6661
Бөлісу:
Ем қабылдап жатқан науқастардың дене қызуы түсе бастады – денсаулық басқармасы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн-брифинг барысында  науқастардың жағдайы туралы айтты.

Стационарда жатқан аурулар вирусқа қарсы симптоматиялық терапия емдерін алуда. Ем қорытындысы бойынша олардың денсаулықтарының жақсарып келе жатқаны байқалады. Бұл олардың дене қызуының қалыпты жағдайға түскенінен білінуде, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол жұмысқа жарамсыздық туралы анықтаманы емханаға бармай-ақ, онлайн түрінде алуға болатынын айтты. Оның айтуынша, азаматтар өздерінің жеке кабинетіндегі ақпараттарды тексере отырып, бақылауына мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, Берлин-Алматы чартерлік рейсі борт серігінен коронавирус анықталып, карантинге жатқызылды. Қазіргі жағдайда Алматы қаласында 22 адамнан коронавирус анықталған, оның екеуі бала. Бұған дейін екі науқастың жағдайы орташа ауыр екенін хабарлағанбыз. Сондай-ақ медициналық мекемеде 696 адам, үй карантинінде 1108 адам дәрігерлердің бақылауына алынған.

Сонымен қатар, кешеден бері қаладағы бірнеше тұрғын үй кешендері карантинге жабылып, қоршауға алынған.



Өзгелердің жаңалығы