Елші: Нұр-Сұлтан - өте қонақжай қала

6 Шілде 2020, 15:57
1904
Бөлісу:
Елші: Нұр-Сұлтан - өте қонақжай қала
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Уильям Мозер Елорда күнімен құттықтады. 

Бұл - өте қонақжай қала. Осында тұрып, Қазақстанның жастары қызығушылықпен өмір сүріп жатқанын көремін, олар дарынды және білімді екен. Қазақстанның жарқын болашағы бар деп сенемін, - деді Уильям Мозер.

Елші Қазақстанның елордасына қалай келгенін еске алды. 

2019 жылы Қазақстанға оралғанда, заманауи сәулеті бар, нағыз әдемі астананы көрдім. Зор қуанышқа бөлендім. Тура "Сұлусың қандай, Астана!" әніндегідей. Нұр-Сұлтан – кең, өсіп келе жатқан, жаңашыл, жас серпінді қала. Осы жерде бір жарым жыл өмір сүргеннен кейін, бұл қаланы, оның ерекшеліктері мен көрнекі орындарын жоғары бағалай бастадым, - деді ол. 

Елші қазір індетке байланысты саяхаттау мүмкіндігі шектеулі екенін жеткізді. 

Сондықтан да, көбінесе елшілік маңайында орналасқан бақта жұмыс істеймін. Бұл маған үлкен қуаныш әкеледі. Гүл өсіруге мүмкіндігім болды. Мысалы, есінек пен түймедағы Нұр-Сұлтанда жақсы өседі. Қазір бағымда гүлдер көп. Бұл - өте қонақжай қала. Барша қазақстандыққа денсаулық пен үміт тілеймін. Індетке қарамастан, біз жақсы өмір сүріп жатқанымызды түсініп, ұмытпауымыз керек. Сізге және осы ұлы елдің барлық халқына зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, бірлік пен өркендеу тілеймін. Елорда күні құтты болсын, - деді елші.
Өзгелердің жаңалығы