Бас жаңалықтар
Елорданы Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы бастаманы қолдаймыз
22 Наурыз 2019, 11:46 604

Елорданы Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы бастаманы қолдаймыз

Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысы «Хамит» балық кәсіпорыны жұмысшылары Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертуді қолайды.

«Қазір әлемде Қазақстанның беделі күн санап артып келеді. Соның ішінде Сарыарқа төріндегі елордамыз заманауи мегаполис ретінде дамып, шын мәнінде күллі Алаштың орталығына айналды. Ал бұл шаһарды салуда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Сондықтан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорданың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы бастамасын қолдаймыз», - дейді «Хамит» балық кәсіпорыны жұмысшылары.

Бүгінде Түркістан облысы, Шардара ауданындағы «Хамит» өндірістік кооперативі өз өнімдерімен отандық нарықтан лайықты орын таба білген. Өнімдерін тек Қазақстанға ғана емес, шетелге де экспорттауда.  

«Оған мүмкіндік мол, себебі халықаралық деңгейде Қазақстанның беделі жоғары. Дипломатиялық және экономикалық байланыс жолға қойылған. Бұл ретте Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Сондықтан отандық кәсіпкерлерге қолдауын аямаған қайраткердің аты ұлықталуы тиіс деп есептейміз және елорданың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы бастаманы қолдаймыз. Біздің еңбекқор ұжым елді дамыту жолында еңбек ете береді және болашаққа сеніммен қарайды», - дейді «Хамит» өндірістік кооперативінің басшысы Бақытжан Серманиязов.

 

Сізден жаңалық