Елорданың 63 кәсіпкері грантқа ие болды

31 Қазан 2019, 15:33
2011
Бөлісу:
Елорданың 63 кәсіпкері грантқа ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының 60 кәсіпкері "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы шеңберінде өз бизнес бастамасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін грантқа ие болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"2019 жылы мемлекеттік грантты 63 кәсіпкер иеленді. Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда биыл бизнес жобалар 2,6 есеге өскен. 2018 жылы грантты 24 кәсіпкер алған болатын. Гранттар өз ісін жаңадан бастап жатқан 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге. 50 жастан асқан әйелдер, мүгедектерге берілді", - делінген таратылған ақпаратта.
Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлер негізінен тауар өндіру, білім бері, киім тігу, ақпараттық технологиялар, баспа ісі, ғылым, сәулет және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер. Республикалық бюджеттен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 128 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ Жастар жылына орай "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына сәйкес 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға қосымша 75 млн теңге бөлінді.


Өзгелердің жаңалығы