Елордалық Темір Спатаев мас-рестлингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

2 Шілде 2021, 12:47
3641
Бөлісу:
Елордалық Темір Спатаев мас-рестлингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда мас-рестлингтен әлем чемпионаты өтті. Оған елордалық Темір Спатаев әлем кубогының бірінші кезеңіне шақырту алып, жүлделі екінші орынға ие болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мас-рестлинг – дене, қол мен аяқ бұлшықеттері үшін аса пайдалы. Білек күшін арттырады. Адамды тез шешім қабылдау мен жылдам ойлауға машықтандырады. Дененің шымыр болып қалыптасуына көмегін тигізеді.

Аталмыш спорт түрінен әлем чемпионаты Өзбекстанның Хиуа қаласында 7-21 маусым аралығында өтті. Оған тоғыз мемлекеттің спортшылары қатысты.

Темір Спатаев – қазақ еліне танымал спортшы, рекордсмен. Жұрт арасында «темір адам» деген лақап атпен танымал. Ол армрестлингтен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Азия чемпионы, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері. Сонымен қатар, ол Жастар саясаты мәселелері басқармасына қарасты «Темір» аула клубының басшысы.

 


Өзгелердің жаңалығы