Елордалық оқушылар кеңсе тауарларын тегін алды

27 Тамыз 2020, 16:02
1613
Бөлісу:
Елордалық оқушылар кеңсе тауарларын тегін алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 1 қыркүйекке арналған дәстүрлі жиын болмайтыны және көптеген оқушы үшін бірінші тоқсан қашықтық форматта өтетіні белгілі. 

Оқу жылы қарсаңында елордалық жасотандықтар көпбалалы және аз қамтылған отбасылары оқушыларына мектеп құралдарын сатып алуға сертификаттар табыс етті.
«Мектепке жол» акциясы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларындағы, сонымен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды оқу жылына дайындау бойынша жыл сайын өтетін республикалық акция болып табылады. Жасотандықтар осы акцияға жылма-жыл белсенді қатысады. Қазіргі таңда акцияны біздің белсенділер Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында өткізіп жатыр. Бүгіннен бастап бізге басқа өңірлер де қосылады, - делінген хабарламада.

кен2.jpeg

Оқушылардың ата-аналары жасотандықтарға көңіл бөліп, қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.
Nur Otan партиясына және Jas Otan Жастар қанатына үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Төтенше жағдай кезінде бізге азық-түлік себеттері түрінде де көмек көрсетілді. Біздің белсенді жастарымызға тағы да алғыс айтқым келеді, - деді көпбалалы ана Құрбанова Нұрзия.
Балалар мен жас отбасылар әрқашан жастар қанатының ерекше ықыласы мен қамқорлығына ие. Осыған байланысты Елнұр Бейсенбаев қазіргі таңда жастар арасында талқыланып жатқан 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасына тоқталып өтті. 

кен3.jpeg
Біз үшін Nur Otan партиясының Жастар қанаты ретінде өскелең ұрпаққа қолдау көрсету өте маңызды. Кішкентай балаларымызға отбасылық құндылықтарды бойына сіңіріп, тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Сондықтан жас отбасылардың өмірін жақсарту жөніндегі міндеттер біздің «Жастар-Отанға!» бағдарламамызда көрінісін тапты, - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кету керек, сертификаттар елорданың 20 оқушысына табысталды. Аталған акцияға аудандық жасотандықтар да атсалысуда.
Өзгелердің жаңалығы