Елордалық медицина ұйымдарына 54,9 млрд теңге төлем жасалды

20 Мамыр 2020, 11:30
1986
Бөлісу:
Елордалық медицина ұйымдарына 54,9 млрд теңге төлем жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы 2020 жылдың басынан бері тұрғындарға көрсеткен қызметтері үшін медицина ұйымдарына 54,9 млрд теңге төледі. 

Бұл туралы "Медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл қаражат мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі тегін медициналық қызметтер мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті аясында көрсетілген қызметтер үшін берілді. Нақтырақ айтқанда жалпы соманың 35,0 млрд теңгесі – тігңн медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) қызметі үшін, 19,9 млрд теңге – МӘМС аясында көрсетілген қызметтер үшін төленді.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 95 медициналық мекеме Медициналық сақтандыру қорының қызмет жеткізушілері болып саналады. Олардың басым бөлігі – жеке клиникалар. Медицина ұйымдарымен 2020 жылға жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 151,5 млрд  теңгеден асады, олардың ішінде ТМККК – 84,0 млрд теңге, МӘМС – 67,5 млрд теңге, - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.

Еске сала кетейік, медициналық қызметтерді сатып алу жоспарына енгізілген түзетулерге сәйкес, елімізде COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында төтенше жағдай кезінде жасалған шараларға төлем жүргізуге  қосымша  6,8 млрд теңге бөлінген болатын:
- COVID-19 таралуына жол бермеу және коронавируспен ауырғандарды емдеу бойынша көрсетілетін көмекке – 1,8 млрд теңге;
- COVID-19 коронавируспен күрес аясында эпидемияға қарсы шараларға тартылған денсаулық сақтау субъектілері мен медициналық емес ұйымдардың қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге –  4,3 млрд теңге;
- Полимеразалық тізбек реакциясы (ПТР) әдісімен биологиялық материалдан COVID-19 вирусын анықтау үшін диагностикалық зерттеуге – 0,6 млрд теңге.
Өзгелердің жаңалығы