Елордада құрылысы аяқталмаған 51 проблемалы нысан бар

26 Шілде 2019, 09:59
2139
Бөлісу:
Елордада құрылысы аяқталмаған 51 проблемалы нысан бар
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет «Гарант» тұрғын үй кешенінің құрылысына барды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл проблемалы нысанның құрылысын 2011 жылы «Азбука жилья» компаниясы бастаған. 

8aaa369f174c2d5dbcc72858c2f03d1b.jpeg

Тұрғын үй 330 пәтерге есептелген. 2016 жылы «Орда инжиринг» ЖШС-ге берілген. Мұндағы үлескерлердің саны – 168 отбасы. 

Алтай Көлгінов проблемалы нысанның құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды. 

c94d8ee33efb9054357dd1262bc3a3c5.jpeg

«Біз сіздермен маусым айының 19 күні кездестік. Қазірдің өзінде ілгерілеу байқалады. Енді осының қарқынын төмендетпеу қажет. Тиімді құрылыс маусымын дұрыс пайдалану керек. Қауіпсіздікті сақтап, сапаға мән беріңіздер. Екінші ауысым жұмысшылары жақын маңдағы тұрғындардың мазасын алмай, ішкі жұмыстармен айналысу керек. Аумағын абаттандыруды көктемге қалдыруға болмайды», – деді елорда әкімі

bba735b22f04db0eaedd40517921da15.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі жұмыс уақыты басталғанға дейін құрылыс алаңдарын аралап, таңғы уақытта бақылауға алған нысандардың құрылысын қадағалайды. 

Айта кетейік, жалпы қалада құрылысы аяқталмаған 51 проблемалы нысан бар.

Өзгелердің жаңалығы