Елордада нысана көздеуден ел біріншілігі өтіп жатыр

16 Қараша 2021, 21:05
754
Бөлісу:
Елордада нысана көздеуден ел біріншілігі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордадағы «Алау» ату клубында пневматикалық қарумен нысана көздеуден Қазақстан біріншілігі басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Чемпионатқа Қазақстанның барлық аймақтарынан жүзден аса спортшы қатысуда. 

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, біріншілік көрермендердің қатысуынсыз өтіп жатыр. 

Чемпионат 23 қарашаға дейін жалғасады. 


Өзгелердің жаңалығы