Елордада екі адамды пышақтап кетті

26 Қаңтар 2020, 15:38
2260
Бөлісу:
Елордада екі адамды пышақтап кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде Нұр-Сұлтан қаласында болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Бұл туралы Рolisia.kz сайты хабарлады.

Полиция қызметкерлері 23 қаңтар күні сағат 18:40 шамасында қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрғындардың мазасын алып, шулаған 5 адамды ұстады. Олардың біреуі сол тұрғын үй кешенінде тұратын болып шықты.

Жігіттер сөзге келіспей қалып, төбелескен. Кейін төбелеске қатысушы бір адам пышақ алып шығып, екі жігітті жаралаған. Осы жайттан кейін ер адамдар екі машинаға отырып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Бірнеше сағаттың ішінде полицейлер қашып кеткен адамдардың кім екенін анықтап, ұстады. Пышақ салған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жайт бойынша тексеру жүріп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы