Елордадағы газ баллон жарылысы: 23 адам ауруханада

22 Қараша 2020, 10:50
2109
Бөлісу:
Елордадағы газ баллон жарылысы: 23 адам ауруханада

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқарамасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды tengrinews.kz. 

Мәліметке сүйенсек, барлығы 35 адам зардап шеккен. Олар оқиға орнынан бірден қалалық стационарларға жеткізілді. 

Тексеруден кейін 23 адам ауруханаға жатқызылды. 11 адам үйге, амбулаториялық ем алуға жіберілді, - делінген хабарламада. 
Естеріңізге сала кетейік, кеше түскі сағат 12 шамасында Нұр-Сұлтан қаласының Шұбар ауданындағы кафелердің бірінде газ баллон жарылып, 1 адам қаза тапқан еді.
Өзгелердің жаңалығы