Бас жаңалықтар
Елордада азық-түлік бағасының қымбаттамауы үшін не істеліп жатыр?
22 Қазан 2020, 13:14 166

Елордада азық-түлік бағасының қымбаттамауы үшін не істеліп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермеу үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқарамасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина айтып берді.

Спикердің айтуынша, жыл басына бері қалада әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік бағасының өсімі 109,3 пайызды құрайды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға төмен.

Бағаның өсімі маусымдық сипатқа ие. Әдетте жыл басында көтерілген баға мамыр айында түсе бастайды. Бағаның өсіміне әлі де алапсатарлар, азық-түлікті жеткізу шығындары жатады. 

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 120 мың тонна азық-түлікті өндіру жөнінде 7 кәсіпкерлік субъектісімен келісім шарттар жасалып, 3,6 млрд теңгенің несиесі берілді.

Желтоқсаннан мамырға дейін көкөністің төрт түрі бойынша баға мамыр айында дейін өзгеріссіз тұрақты болады. Олар картоп, қырыққабат, сәбіз бен пияз. Сондай-ақ, күріш пен қарақұмық жармасының бағасы осы жылдың сәуір айынан келесі жылдың сәуір айына дейін өзгеріссіз қалады. Күнбағыс май да сәуірден-сәуірге дейін өзгермейді. Әлеуметтік маңызы бар 10 тауардың бағасы осы жылдың қазанынан келесі жылдың сәуір айына дейін тұрақты бекітеледі, - деді ол.

Қаланың алты сауда нүктесінде, атап айтқанда Магунм, Астықжан, Смол, Вкус маркет, Ақмол, Шапағат сауда орындарында қант бағасы 220 теңгеден аспайтын болып бекітілді. Жалпы қорда 900 тоннадан астам қант бар.

Нан бағасын тұрақтандыру бойынша отандық өндірушілерге жергілікті әкімдіктен ұн сатып алуға 600 млн теңге бөлінді. Сатып алынған ұн қыркүйектен келесі егін жиналған. Сондай-ақ, қалада тағы 3 көтреме сауда орталығы салынып жатыр. Олар шамамен 20200 жылы іске қосылады, - деді Гүлмира Ермолдина.

Спикердің айтуынша, қалалықтарды нарықтағы бағадан төмен өнімдермен қамтамасыз ету үшін өткізілген жәрмеңке қазан айының соңына дейін жалғасын табады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...