Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Абай даңғылы, 50 мекенжайындағы көпқабатты үйдің қабырғасында қазақтың ұлы ақыны, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының портреті пайда болды.
Оқи отырыңыз:
Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойының құрметіне қойылған бұл жұмысқа Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігі қолдау білдірді, - деп хабарлады қала әкімдігі.
Бұдан бұрын елордада коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрған дәрігерлердің құрметіне және тамаша қолбасшы, ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагері, батыр Бауыржан Момышұлына да мурал салынған.