Елордада 4 жасар бала терезеден құлап, қайтыс болды

17 Мамыр 2020, 17:22
2266
Бөлісу:
Елордада 4 жасар бала терезеден құлап, қайтыс болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалардың терезеден құлаған оқиғалардың жиі орын алуы Төтенше жағдайлар комитетін алаңдатады. Ашық терезелерде баланың қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті. 

Балалар ашық терезелерге ұмтылады, өйткені олар қаншалықты қауіпті екенін ойламайды. Әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлау қаупін азайту үшін шараларды білуі қажет. 

Құтқарушылар жүргізген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, осындай оқиғалардың саны өсуде. Мәселен, ағымдағы жылдың 4 ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 2-ден 8 жасқа дейінгі 14 бала құлаған. Оқиға Қарағанды (3), Нұр-Сұлтан қаласы (3), Павлодар (2), Жамбыл (2) облыстарында, Алматы қаласы (2), Батыс Қазақстан (1), Ақтөбе (1) облыстарында орын алды, - делінген хабарламада.


Тек ағымдағы жылғы сәуір айында республикада көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 2-8 жас аралығындағы балалардың құлауының 8 оқиғасы тіркелген. Оқиға Қарағанды (3), Жамбыл (2) облыстары,Нұр-Сұлтан қаласы (2) және Павлодар (1) облысында орын алған. 

16 мамырда елімізде балалардың терезеден құлауына қатысты 2 оқиға тіркелді. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында Момышұлы көшесі бойында алтықабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен ересек адамның қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала құлап, оқиға орнында көз жұмды. Екінші оқиға Таразда 7 шағын ауданда бесқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы терезеден ересек адамның қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала құлады. Ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.

2019 жылы ішінде 2-13 жас аралығындағы балалардың үйлердің терезесінен құлаған 100-ден астам оқиғасы болған. 

Балалар үйде болғанда бірінші кезекте олардың ата-анасына қауіпсіздік қағидаларын сақтау керек. 

Әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлауының қауіп-қатерін азайтуға арналған шараларды білуі қажет:

1. Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз. Себебі, назарыңызды бірнеше секундқа басқа жаққа аударсаңыз болғаны, ол бала өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе мүгедек болып қалуы мүмкін;

2. Терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбау - балалар сенімді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді. Содан кейін олармен бірге сыртқа құлайды;

3. Баланың өздігінен терезені ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыпын орнатыңыз;

4. Балалардың терезе алдына шықпауы үшін жиһазды терезеге жақын жерге қоймаңыз;

5. Балкон немесе бөлме аралық шыны есіктердің жанында жинау барысында заттарды ретсіз қоюға болмайды. Себебі бала сүрініп, жарақат алуы мүмкін;

6. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын оқыту маңызды. Ересек балаларды кішкентай балаларға қарауды үйретіңіз;

7. Терезенің астына жасыл көшеттер отырғызу. Әсіресе, егер сіз жеке үйде тұрсаңыз, онда баланың терезеден түскен жағдайда жерге құлауын жеңілдетеді;

10. Терезелерге баланың өз бетінше терезесін ашуға кедергі келтіретін кілті бар блокираторлар немесе терезе тұтқаларын орнату.   

Өзгелердің жаңалығы