Елорда аумағы 21 жылда үш есе ұлғайған – Алтай Көлгінов

10 Қазан 2019, 11:01
3216
Бөлісу:
Елорда аумағы 21 жылда үш есе ұлғайған – Алтай Көлгінов
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Ақылды қалалар – ақылды мекендер» атты қалалық туризм мәселелері жөніндегі ғаламдық сегізінші саммит өтіп жатыр. 

LRM_EXPORT_50933970239474_20191010_094725937.jpeg

Шараны премьер-министр Асқар Мамин мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ашты. Қала басшысы осындай ауқымды іс-шара Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп отырғанын айтты.

LRM_EXPORT_54198984363541_20191010_105828424.jpeg

«Бұл біз үшін әрине үлкен мәртебе. Елордамыз эстафетаны Сеул қаласынан алып отыр. Өткен жылы осы саммит Сеул қаласында өтті. Ол Куала-Лумпур, Мәскеу, Стамбұл сияқты әлемнің ірі астаналарын қабыл алды. Елордамыздың тарихы Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты. Қазақстан астанасы жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. 21 жыл ішінде қала аумағы үш есе артты. Халқының саны 280 мыңнан 1 миллионнан астамға дейін көбейді. Нұр –Сұлтан - жастардың қаласы. Тұрғындардың 700 мыңға жуығы немесе үштен екісі – 35 жасқа дейінгі азаматтар. Нұр-Сұлтан әкімшілік орталықтан іскерлер қаласына айналып барады. Туристер үшін тартымды орынға айналуда. Қала тұрғындарының 60 пайызға жуығы – кәсіпкерлер», - деді Алтай Көлгінов. 

LRM_EXPORT_54487292452546_20191010_110316732.jpeg

Әкімнің айтуынша, бүгінгі іс-шараға бірнеше елдің өкілдері қатысып отыр. Олар өз туристік мүмкіндіктерін таныстырып қана қоймай, Қазақстан туризмі жайлы да ақпарат алып жатыр. 

LRM_EXPORT_54561534677726_20191010_110430974.jpeg

Атап өтсек, шара өтіп жатқан Тәуелсіздік сарайында шағын көрме ұйымдастырылған. Онда еліміздің өңірлерінен келген туризм саласының мамандары өз аймақтарын таныстыруда.

Өзгелердің жаңалығы