Елорда әуежайында «Ashyq» үшін төбелес шығарған азаматты әуежай сотқа бермек

21 Мамыр 2021, 12:19
2044
Бөлісу:
Елорда әуежайында «Ashyq» үшін төбелес шығарған азаматты әуежай сотқа бермек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Назарбаев халықаралық әуежайының атқарушы директоры Дәулет Хамзин әуежай қызметкері мен Ashyq-тағы мәртебесін көрсеткісі келмеген азамат арасында болған оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.

Әуежай өкілінің айтуынша, қазіргі күні тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жолаушы әуежайға жолаушылар үшін қарастырылмаған кіреберіс арқылы кіруге тырысты. Ол сондай-ақ «Ashyq»-та тексеру процедурасынан өтпей, біздің қауіпсіздік қызметкерінің өтуге тыйым салынғаны туралы ескертулеріне агрессия мен шабуыл жасады. Біз өз тарапымыздан оқиға орнынан бірден қашып кеткен жолаушыны табу бойынша іс-шаралар өткіздік. Біз оны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жүгінеміз, - деп айтты ол.
Елорда әуежайында «Ashyq» үшін төбелес шығарған азаматты әуежай сотқа бермек

Бұл осы жылы әуежайға келушілер тарапынан болған бірінші жағдай. Хамзиннің сөзінше, қауіпсіздік қызметкері қатты зардап шекпеген. Ол жеңіл дене жарақаттарын алған.

Біздің қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін орындады. Біз бақылау камерасындағы дыбысты және айтылған сөздерді талдай алмаймыз. Бірақ суретті талдай отырып, біз қызметкердің өз міндеттерін орындағанын, жолаушыға өткелдің жабық екенін түсіндіруге тырысқанын атап өтуіміз керек, - деді әуежайдың атқарушы директоры.

Ол тергеу шаралары мен сот талқылауы барысында ереже бұзған азамат кешірім сұрайды деп үміттенетінін айтты.

Еске сала кетейік, 20 мамырда елордалық Ashyq қосымшасы арқылы тіркелмей, ғимаратқа жолаушылар үшін қарастырылмаған кіреберіс арқылы кіруге тырысты.

Өзгелердің жаңалығы