Елімізге Моңғолияның ұлттық спорт бағытындағы делегациясы келді

11 Қазан 2021, 17:54
19221
Бөлісу:
Елімізге Моңғолияның ұлттық спорт бағытындағы делегациясы келді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізге Моңғолия этноспорт федерациясының өкілдері келді. Көрші елдің этноспорт бағытындағы делегациясының құрамында федерация президенті Энэбиш Мөнх-Очир, вице-президенті Ром Әуесхан және федерациясының атқарушы директоры Ғылымхан Ермекей бар.

Елімізге Моңғолияның ұлттық спорт бағытындағы делегациясы келді

Қазақстанға келудегі басты мақсатымыз және оны Шымкенттен – оңтүстік өңірден бастауымыздың өзіндік мәнісі бар. Оңтүстік өңір – Қазақстандағы ұлттық спорттың ең дамыған жері. Ұлттық  спорттағы ұлттық құрамаларды жасақтауда оңтүстіктің алар орны ерекше. Сондықтан да, осындағы ұлттық спорт мектептерінің қалай жұмыс істейтіні, қалай құрылғандығы, спортшыларға беріліп жатқан бағыт-бағдары жайлы біліп, таныссақ деген ниетіміз бар – дейді Моңғолия этноспорт федерациясының вице-президенті Ром Әуесхан.

Елімізге Моңғолияның ұлттық спорт бағытындағы делегациясы келді

Делегация алғашқы сапарын Шымкент қаласынан бастады. Онда қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қабылдауында болып, екі ел арасындағы ұлттық спорт бағытындағы өзара байланыстар талқыланды. Сондай-ақ шетелдік меймандар Шымкентте салынып жатқан жаңа ипподром құрылысымен танысты.

Кездесу соңында шаһар басшысының орынбасары Мақсұт Пернебайұлы Моңғолияның Баян Өлгей аймағының 80 жылдық мерекелік медалімен марапатталды.

Елімізге Моңғолияның ұлттық спорт бағытындағы делегациясы келді

Бұл жерге келгендегі тағы бір мақсатымыз – Моңғолияның ұлттық спорттарымен сәйкес келетін қандай спорт түрі бар? Соны зерттеп көру. Мысалы, біздің елде де көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату т.б. қатарлы спорт түрлері бар. Қазақстанда да бұл спорт түрлері бар. Екі ел арасындағы осындай ұқсастықтарды пайдалана отырып, қоян-қолтық жұмыс істеу. Бірлесіп жаттығулар өткізу, тәжірибе алмасу, жастарды ұлттық спортқа баулуда бірлесіп жұмыс істеу де біз үшін маңызды болып отыр, – дейді Ром Әуесхан.

Қонақтар Түркістан ұлттық спорт мектебі базасында Қазақстан жастар чемпионатына дайындалып жатқан жас көкпаршылар мен теңге ілу, жамбы ату және аударыспақ ойындарын тамашалады.

Екі елге ортақ ұлттық спорпт түрлерінен өтетін халықаралық, әлемдік сайыстар, күнтізбелік жоспарларды талқылау, бірлесе жұмыс істеу біз үшін маңызды болып отыр. Орта Азиядағы ұлттық спорт түрлерінің ең дамыған елі – Қазақстан. Сондықтан да біз осы елмен бірлесе отырып, Моңғолиядағы ұлттық спорт түрлерінің санын көбейту; Спорттық аттарды, мысалы көкпар атын дайындау, аударыспақ атын дайындау қатарлы мәселелерде тәжірибе алмасу қатарлы ұсыныс, жобаларымызды, ынтымақтастығымызды алға тартып келіп отырмыз, – дейді Ром Әуесхан.

Моңғолиялық делегация осы сапар аясында Қазақстан көкпар федерациясының президенті Мұхтар Имашевпен кездесті.

Елімізге Моңғолияның ұлттық спорт бағытындағы делегациясы келді

Кездесу барысында ұлттық спорттың ел ішінде және халықаралық деңгейде таралуы, насихатталуы сөз болды. Кездесу соңында қазақы кәдемен Мұхтар Имашев Энэбиш Мөнх-Очирдің иығына шапан жапты.

Өзгелердің жаңалығы