Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Мәскеу қаласында Левобережная көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласынан 33 жастағы әйел мен кәмелет жасқа толмаған екі баланың денелері табылды. Алдын ала мәлімет бойынша олар 19-қабаттан секіріп кетіп, мерт болған.
Бұл туралы Shot хабарлады.Қаза болған балалар 2018 және 2021 жылы туған екен. Әйел балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен. Марқұмның көршілері айғайлаған дауыс пен қатты соққының дыбысын естігенін айтады.
Оқиға орнына әйелдің күйеуі келді. Ол шок жағдайында, тіпті атын да айта алмайды. Порталдың мәліметінше, пәтердің іші тап-таза, балалардың ойыншықтары ғана әр жерде жатыр.
Көршілердің айтуынша, марқұм соңғы кезде жалғызсырап жүргенін айтып, шағымданған. Ольга не құрбысының, не танысының жоқ екенін айтқан. Ал күйеуінің әскери қызметкер екенін, үнемі жұмыста болатынын да атап өткен.
Белгілі болғандай, ол өлер алында хат қалдырып кеткен. Онда осы өмірден мәңгі кететінін, бірақ жалғыз кете алмайтынын жазған. Әйел балаларын өзі туғандықтан, осынау ауыр, түнерген әлемде оларды қалдыра алмайтынын да жазған. Сонымен қатар Ольга туыстары мен күйеуінен кешірім сұраған. Ол балаларын одан өзге ешкім тәрбиелей алмайтынына сенімді болған. Себебі анасының өз-өзіне қол жұмсағанын білген балаларда психологиялық бұзылыстар болатынын да айтқан.
Қалдырған хатында Ольга бұрын күйзелістен емделгенін, алайда соңғы кезде өмірі тым адам төзгісіз болып кеткенін атап өткен. Ол өліміне ешкімді кінәламауды сұраған.