Бас жаңалықтар
Еліміздің үш өңірінде індет жұқтыру деңгейі бірден төмендеген
06 Қазан 2021, 16:50 4062

Еліміздің үш өңірінде індет жұқтыру деңгейі бірден төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәжілісі барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Еліміздегі 6 қазандағы жағдай бойынша CОVID-19-дың оң нәтижесімен 896 162 және КВИ-ға теріс нәтижемен 76 517 жағдай тіркелді. Коронавирусқа шалдыққан науқастардың шамамен 92%-ы сауығып шықты. Оның ішінде, атап айтар болсақ, КВИ оң нәтижемен - 835 805 науқас және КВИ теріс нәтижемен - 63 902 науқас, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ ол эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, елдің 4 өңірі «қызыл» аймақта екенін айтты. 
 Қазақстан Республикасы және 8 өңір «қызыл» аймақтан тәуекелі орташа аймаққа көшті. Тәуекелі орташа аймақтан «жасыл» аймаққа 3 өңір: Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары ауысты, - деді Алексей Цой.
Еске салсақ, Цой оқушылар мен студенттер арасындағы ахуалды айтқан болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...