Бас жаңалықтар
Еліміздің батысы мен шығысында жаңбыр жауады
07 Маусым 2020, 09:17 414

Еліміздің батысы мен шығысында жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 маусымда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Батыс пен шығыстың кей жерлерінде найзағайлы жаңбыр жауады, Қазақстанның қалған аумағы әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауыл күшейеді. Қызылорда, күндіз Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 18 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...