Елімізде зиянды арамшөптерді өңдеуге 33 млрд теңгеге жуық субсидия берілді

26 Қазан 2021, 18:04
21038
Бөлісу:
Елімізде зиянды арамшөптерді өңдеуге 33 млрд теңгеге жуық субсидия берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс хабарлады. Оның айтуынша, биыл елімізде 8,8 млн га алаң зиянды арамшөптерге тексерілген.

Соның ішінде көктемгі-жазғы тексерулер – 4 008,261 мың га, жазғы-күзгі тексерулер – 4 355,179 мың га, күзгі тексерулер – 149,173 мың га, сондай-ақ канадалық арпа – 153,393 га және циклахен-109,372 га аумақты құрады, - деп атап өтті Алмабек Марс.

Ведомство басшысы сондай-ақ тексеру республиканың барлық облысы мен аудан орталықтарында жүргізілгенін алға тартты.

Арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары - 11,3 млн га алаңда жүргізілді. Оның ішінде дәнді дақылдар бойынша - 10,97 млн га. Биылғы жылы гербицидтерге бөлінген субсидияның сомасы – 32,3 млрд теңге. Оның 30,0 млрд теңгесі игерілді, - деді комитет төрағасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл шегірткемен қарсы күреске бюджеттен қанша млрд теңге бөлінгені туралы айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы