Елімізде жеке басты куәландыратын құжатты алу үшін саусақ ізін қолдану енгізіледі

7 Қазан 2021, 11:44
4657
Бөлісу:
Елімізде жеке басты куәландыратын құжатты алу үшін саусақ ізін қолдану енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамет онлайн брифингте айтты.

2023 жылдан бастап жеке басын куәландыратын құжаттарды алған немесе ауыстырған кезде саусақ ізін енгізу жоспарлануда. Көші-қон қызметі жұмысының маңызды бағыты - Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға ниет білдірген азаматтардың өтінішімен жұмыс істеу, - деді ол.

Оның айтуынша, заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес, осы жылдың басынан бастап Қазақстанда тұрақты тұруға және азаматтық алуға өтініш берген қандастар үшін құжат тапсыру жеңілдетілді.

Бұл ретте олар үшін тұруға рұқсат алу кезеңі алынып тасталады. Жыл басынан бері қандастардың құжаттарын қабылдау мерзімі 2 есе қысқарды.Оңайлатылған тіркеу процедурасы арқылы 225 жуық қандас азаматтық алды. Заңды мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 45 адам Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, құжаттарды алды, - деді Баймұхамет.


Өзгелердің жаңалығы